28 октября 2025 г. 15:15

Атырауда пара алғаны үшін сотталған Бақытгүл Хаменова тойда жүр

Фото: видео-скрин

Әлеуметтік желілерде Мәжілістің бұрынғы депутаты және Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменованың ресми шараға құрметті қонақ ретінде қатысқан сәті түсірілген кадрлар тарады.

Алматы, NEGE. Бейнежазбада оның шенеуніктер мен полиция қызметкерлерінің қатарында, сәнді киім киіп тұрғаны анық көрінеді.

Облыстық сот бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, Хаменоваға қатысты үкімнің орындалуы үш жылға кейінге қалдырылғанын еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытгүл Хаменова 2022 жылы пара алу дерегі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Алайда сот оның екі кәмелетке толмаған баласының бар екенін ескере отырып, жазаның орындалуын үш жыл мерзімге кейінге қалдырған.