Атырауда ойын-сауық саябағында аттракциондар өртенді

4 маусымға қараған түні Атырау қаласы Авангард ықшам ауданындағы «Керемет» ойын-сауық саябағында өрт шықты.

Видеодан кадр/ТЖМ

Астана, NEGE. Құтқарушылардың мәлімдеуінше, ойын-сауық саябағы аумағында ағаштан жасалған «Қорқыныш бөлмесі» мен әткеншек жанып кеткен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер нысандардың толықтай отқа оранғанын анықтаған. Өрт өршіп кеткен.

«Өрттің өршуіне жанғыш материалдардың көп мөлшерде болуы себеп болған жоғары өрт жүктемесі әсер етті. Құтқарушылар оттың көрші ғимараттарға таралуына жол бермей, өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетерлігі, 2023 жылы салынған нысанның өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі бірде-бір рет тексерілмеген. Әкімдік жоспарлы тексерулер қауіп деңгейіне байланысты немесе арыз-шағымдар бойынша жүргізілетінін алға тартты.