Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды

Атыраудағы «ЖАН и КС» мұнай компаниясына бұрғылау кезінде экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.

magnific.com

Астана, NEGE. Табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, компания ұңғымаларды бұрғылау кезінде бұрғылау шламы мен пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін заңсыз жинақтаған. Осы жағдай компанияны ӘҚБтК-нің 328-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартуға себеп болды.

Компания өкілдері айыппұлға сот арқылы шағымданбақ болғанымен, шағым қанағаттандырылмады, қаулы заңды күшіне енді.

Прокурорлар компаниядан айыппұл мәжбүрлі түрде өндіріліп жатқанын мәлімдеді. Сот орындаушылары Атырау бюджетіне 490 млн теңгеден астам қаражат аударған. Берешектің қалған бөлігі прокуратураның қатаң бақылауында болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін экологиялық айыппұлдардан түскен қаражат республикалық бюджетке аударылып келсе, ал енді олар облыс бюджетінде қалады.