Атырауда құрылыс басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, облыстық ҰҚК 33 жастағы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисенді және мердігер компанияның директорын ұстаған. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Шенеунік пара алды деген күдікке ілінсе, мердігер пара берді деген күдікке ілінді. Қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 367 және 366-баптары бойынша қозғалды. Тінту жұмыстары әкімдік пен компания кеңсесінде жүргізілді.

Қазір шенеунікке бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу туралы қолхат берілген.

Мердігердің адвокаты тінтуге қатысуға рұқсат берілмегенін және қорғауындағы адаммен кездесу мүмкіндігі шектелгенін айтты. Ол Бас прокуратура мен адвокаттар алқасына шағымданған.

ҰҚК әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр