Атырауда колонияға жеткізілген балықтан психотроптық препараттар табылды

Атырауда колонияға жеткізілген балықтан психотроптық препараттар табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 1 сәуірде Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 мекеменің (ерлер колониясы) жедел бөлім қызметкерлері “Еңбек Батыс” РМК Газель автокөлігін тексеру барысында тыйым салынған заттарды анықтады.

Көлік ерлер колониясына азық-түлік тасымалдаған. Рентгендік тексеру кезінде балықтан (майшабақ) аса мұқият жасырылған медициналық шприцке оралған 20 дана өзіне тән иісі бар белгісіз жасыл түсті зат, алты дана спецификалық ерекше иісі бар белгісіз қара зат, үш бөтелке тропикамед, 18 дәрі тәріздес ақ таблетка анықталған.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты