Атырауда қоқысқа толы пәтерден екі бала табылды

Атыраудағы көпқабатты үйдің тұрғындары көршілерінің пәтеріндегі жағымсыз иіс пен антисанитарияға шағымданды.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Полиция тексеру барысында пәтердің тұрмыстық қалдықтармен толы екенін анықтады. Ішінде екі кәмелетке толмаған бала болған.

Балаларды қолайсыз отбасынан алып, уақытша бейімдеу орталығына орналастыру бойынша шаралар қабылдануда. Ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Қазіргі уақытта пәтерде санитарлық тазалау жүргізіліп, отбасының тұрмыстық жағдайы бағалануда.