28 октября 2024 г. 17:09

Атырауда итті бағанаға байлап, тірідей өртеп жібергендер сотталды

Фото: pixabay.com

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жануарға қатыгездік көрсетіп, қылмыс жасаған екі айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматы, NEGE. Анықталғандай, айыпталушылардың біреуі кәмелет жасына толмаған.

2024 жылдың жаз айында сотталушылар өзара сөз байласу арқылы көшеден итті ұстап алып, оны бағанаға байлаған. Сотталушының бірі иттің үстіне жанар-жағар май құйып, өртеген, ал екіншісі итті темірмен бірнеше рет ұрып, нәтижесінде жануар өліп қалған.

Сотталушылардың кінәлары куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толық өз дәлелін тапты. Сондай-ақ, сотталушылар ҚК-тің 316-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылды.

Сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайлар — шын жүректен өкінуі, жасы және бұрын сотты болмағандары, сондай-ақ жазасын ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескеріле отырып, оларға 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.