Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды

Атырау облысы Жылыой аудандық сотының соты «№2 ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ директоры Г. Жалекенова мен бухгалтер А. Шмидоваға қатысты үкім шығарды.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Олар мекемеде нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы 73 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Шмидова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, Жалекенова залалдың толық өтелуін және жас баланың болуын ескере отырып - 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды.

Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Алдын алу шаралары аясында сот процесі ашық режимде өткізілді.

Процеске онлайн режимінде білім беру мекемелерінің басшылары мен бухгалтерлері қосылды.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»