24 февраля 2026 г. 12:46

Атырауда АИТВ-ны қасақана жұқтырды деген күдікпен екі трансвестит қамауға алынды

Фото: Видеодан скрин/Атырау облыстық полиция департаменті

Өзінде бұл аурудың бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Атырау облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жедел іс-шараны Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген.

«Атырау қаласында 23 және 28 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап өздерінде АИТВ инфекциясының бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған», – делінген полиция хабарламасында.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп, жәбірленушілер анықталып жатыр. Полицейлер әрбір дерекке тиісті құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру ауыр қылмыс болып саналады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.