Атырауда 9 жастағы қыздан жын шығармақ болған емші жауапқа тартылады

Атырауда Кейқуат Оспанов есімді азамат әлеуметтік желідегі парақшасында ислам медицинасымен емдейтінін ашық көрсетіп, сеанстарын парақшасына жүктеген. Қазір емшіге қатысты іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

видео-скрин

Алматы, NEGE. «Бұл іс бойынша тексеру жүріп жатыр. Қазір емшіні әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда», - деп қысқа қайырды Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері емшінің неліктен қылмыстық жауапқа тартылмайтыны туралы сұрады.

«Менің білуімше, баланың ата-анасынан шағым болған жоқ», - дейді ол.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде ислам медицинасымен жын шығарған емші Кейкуат Оспановтың әрекеті талқыға түсіп жатқаны жайлы хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, балалардан жын шығаратын емші бұрын Атыраудағы мешіттің күзетшісі болған.

Сондай-ақ, Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған видео тексеріліп жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды