Атырауда 7 жасар баланың үстіне ескерткіш құлап, қайтыс болды

Атырауда 7 жасар баланың үстіне ескерткіш құлады.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Оқиға 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атыраудағы Жеңіс саябағындағы алаңда болған. Қыз аталған саябақта серуендеп жүргенде аяқ астынан жаңбыр құйып кеткен. ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің құрметіне орнатылған ескерткіш жеті жасар қызды басып қалған. 

«2017 жылы туған қыздың үстіне ескертікш құлады. Алған жарақатының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында көз жұмды», - делінген хабарламада. 

Қазір бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр