Атырауда 62 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен туысы қамауға алынды

Атырауда 62 жастағы әйелді туысы өлтіріп тастаған. Полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция

Алматы, NEGE. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 7 ақпанда болған.

– Полиция қызметкерлері 62 жастағы тұрғынды өлтіру дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады. Күдікті марқұмның туысы екені анықталды. Оның жасы – 35-те. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу кезінде қылмысқа қатысты барлық мән-жай анықталады, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Кейбір дерекке қарағанда, күдікті туысының денесін бөлшектеп тастаған. Алайда полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі нақтыламады.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады