Атырауда 46 жастағы әйелді өлтірген күдікті қамалды

Атырауда 46 жастағы әйелді өлтірген 38 жастағы ер адам ұсталды.

Полиция

Алматы, NEGE. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен ақпаратқа қарағанда, күдікті әйелді үйінде өлтірген.

– Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, 1979 жылғы әйелді тұрғын үйінде өлтірген 1987 жылғы күдіктіні ұстады. Күдікті қамауға алынды. Одан заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2 бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс тіркелді. Кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі тергеу департамент бастығының бақылауына алынған.

Қазір оқып жатыр

ҰҒОО Орталық Азиядағы МАГАТЭ-нің алғашқы Anchor Centre болады

Тоқаев МАГАТЭ басшысы Гроссимен ядролық қауіпсіздік пен Иран мәселесін талқылады

«Туристер қаржысы халыққа жұмыс істейді»: Almaty SuperSki талқыланды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары аукционда тағы өтпей қалды