Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болды

Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болды. Қазір аталған оқиға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Оқиға 10 шілдеде Атырау қаласының маңындағы Құрсай ауылында болған.

Күндізгі сағат 11:00 шамасында "Чебурашка" жеке балабақшасында 4 жасар бала кәріз құдығына құлап кеткен. Оқиға орнына құтқару қызметі мен полиция шақыртылған.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған оқиғаға байланысты кешенді тергеу жүргізіледі.

– Қазір Атырау қалалық полиция басқармасында жеке меншік балабақшада 4 жасар баланың кәріз құдығына құлап, қайтыс болуына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті