Шекарада 300 мың доллардай қаржыны шетелге заңсыз шығармақ болған әйел ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мәліметінше, 2 маусымда Атырау облысындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде тексеруден өту кезінде қазақстандық әйелдің жеке жүгінен 299,6 мың АҚШ доллары табылған. Ол қомақты қаражатты заңсыз шетел асырмақ болған.

Ұлттық қауіпсіздік қызметі

Астана, NEGE. Сондай-ақ ҰҚК өкілдері осы жылы 3 маусымда Жамбыл облысы шекарасында жасырын түрде 102,5 млн рубль өткізуге әрекеттенген алты шетелдік ұсталғанын хабарлады.

«Материалдар процестік шешімдер қабылдау үшін құзырлы органдарға берілді», – делінген хабарламада.

Жалпы жыл басынан бері декларацияланбаған валютаны әкетудің 681 әрекеті тоқтатылған. Шетел асырмақ болған қаражаттың жалпы сомасы 6,9 млрд теңгені құраған.

ҰҚК Шекара қызметі 10 мың доллардан асатын қолма-қол ақшаны республикадан тыс жерге әкетуге тыйым салынатынын еске салады.