Атырауда 30-дан астам медицина қызметкеріне әлеуметтік қолдау көрсетілді

Биыл өңірде медицина саласына жаңадан келген 31 маманға біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Қазір тағы 68 медицина қызметкерінің құжаты қаралуда, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірде дәрігер мамандарына қажеттілік 107 бірлікті құрады. Оның ішінде 39 маман аудандық медицина ұйымдарына қажет. Сұранысқа ие мамандықтар қатарында акушер-гинекологтар, терапевтер, жалпы тәжірибелі дәрігерлер және өзге де бағыттағы мамандар бар.

Кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2023–2025 жылдарға арналған медицина қызметкерлерін өңірге тартуға арналған іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Мәслихат шешіміне сәйкес, медицина қызметкерлеріне жұмыс істейтін жеріне қарай 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін біржолғы әлеуметтік қолдау көрсету көзделген.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа орналасқан дәрігерлер үшін «Отбасы банкі» АҚ арқылы 5 пайыздық жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы іске асырылып келеді. Аталған бағдарлама аясында бүгінгі күнге дейін 43 медицина маманы тұрғын үймен қамтылған.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты