Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті, деп хабарлады Aturau online.

egemen.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға 3 мамыр күні сағат 17:25 шамасында Атырауға қарасты Еркінқала ауылында болды. Балық аулау кезінде 17 жастағы жасөспірім моторлы қайықтан өзенге құлап, суға батып кеткен.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына 19 құтқарушы, 5 техника және 6 жүзу құралы, сонымен қатар полиция тарапынан сегіз қызметкер, үш техника және бір қайық жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Суға кеткен жасөспірім 2007 жылы туған, дзюдомен айналысқан, жарыстарға қатысып жүрген.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады