Атырауда 14 рет мал ұрлаған барымташы ұсталды

Атырауда полицейлер 14 рет мал ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Атырау облысы Жылыой ауданының полицейлері ірі көлемдегі мал ұрлығын ашып, қылмыстық әрекетке қатысы бар деген күдікпен Құлсары қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Бұған дейін де ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктінің маусым-тамыз айлары аралығында Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында 14 рет мал ұрлығын жасағаны анықталды.

Тергеу барысында ол 34 бас ірі қараны қолды қылып, жәбірленушілерге 5 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін мойындады.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің ұрланған малды әлеуметтік желілер арқылы сатқаны белгілі болды. Полиция оның телефонын тексеру кезінде ұрланған малдың фотосуреттерін, сатып алушылармен жасалған хат алмасуларды және басқа да дәлелдерді тапты. Сонымен қатар ұрланған малды сатып алған адамдардың кім екені де анықталды.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары қосымша дәлелдерді жинау үшін күдіктінің қоңырауларының биллинг деректерін зерттеуде. Сондай-ақ бұл қылмысқа басқа адамдардың қатысы бар-жоғы анықталуда.

Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды