Атырауда 11 жастағы бала велосипедімен лифтіге кірмек болып, шахтасына құлап кетті

Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап, аман қалды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Бала велосипедімен лифтіге кірмек болған кезде есік автоматты түрде жабылып, өзі сыртта қалып қойған. Ал велосипеді есік пен лифт кабинасының арасында қысылып қалған.

Лифт жоғары көтеріле бастағанда, бала велосипедтен ұстап, ауада ілініп тұрып қалады. Көп ұзамай қолы тайып, ашық тұрған лифт шахтасына құлап кеткен.

Абырой болғанда, бала аман қалды. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бала ауыр жарақат алған жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты