Атырау: Тіркеу ережелерін бұзған 100-ге қару тәркіленді.

Атырау облысында сақтау, тіркеу ережелерін бұзған 100-ге жуық тұрғынның қаруы тәркіленді.

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 ақпаннан бері «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Тек 3 күнде 2 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексерілді. Нәтижесінде 100-ге жуық тұрғынның қаруды сақтау, тіркеу, тасымалдау ережесін бұзғаны анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың үйінде сақталған қаруы тәркіленді» – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Заңсыз айналымнан бес қару анықталып, баллистикалық сараптама тағайындалды.