Атырау облысының тұрғындары ауыз сумен қамтылады

Атырау облысының тұрғындарын сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 32 жоба іске асып жатыр, деп хабарлады «Хабар 24».

 Алматы, NEGE. Ол үшін қазынадан 12 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Мұнайлы өңірдегі шалғай аудандарды сумен, электр энергиясымен қамтып, газбен жабдықтау жұмыстары жолға қойылмақ.

Құрманғазы ауданындағы 3 елдімекенде ауылішілік су құбырының желісі тартылады. Қызылқоға ауданындағы Айдын, Бүйрек, Кенбай, Қосқұлақ елдімекендерінің тұрғындары да көз ұзамай ауыз сумен қамтылады.