Атырау облысында жол апатынан полиция қызметкері мерт болды

Атырау облысында жол апатынан полиция қызметкері мерт болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты 20 қазанда, сағат 5:00 шамасында болған.

«Кеше «Атырау-Орал» бағытындағы жолда Тoyota Ipsum алдымен сиырға, кейін Lada Priora көлігіне соқтығысқан. Салдарынан Lada Priora көлігінің рульінде болған полиция қызметкері көз жұмды. Ол Махамбет аудандық полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеген еді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды