Атырау облысында волонтерлер індетке қарсы күресте қолғабыс етуде

Елді жайлаған қауіпті індет кезінде атыраулық волонтерлердің көмегі орасан зор болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Провизорлық орталықтарда науқастарға оттегі балондарын тасып, көмек көрсеткен де осы волонтерлер. «Волонтер жылы» атыраулық жастардың бірлігі бекем екеніне дәлел болды. Пандемия кезінде дәрігерлермен қатар, волонтерлерге де салмақ түсті. Оттегі балондарын тасып, жәрдем көрсетті. Мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті де жеткізіп беріп отырды.

 Волонтер болу адамның жасына не жынысына қарамайды. Ерікті түрде қызмет көрсетемін деген жан үшін қайырымдылық – жүрек қалауы. Биыл волонтерлерді қолдау мақсатында қолға алынған көптеген жобаның жүзеге асуына қауіпті індет қолбайлау болыпты.

Биыл пандемия жағдайында көптеген жобамыз өз жалғасын таба алмады. Дейтұрғанмен, біздің арнайы волонтерларымыз 10 мыңға жуық бетперде тігіп өз қолдарымен, оны қарттар үйіне, мұқтаж азаматтарға немесе тағы бір арнайы мекемелерге таратып, өз қолдауларын көрсетті. Мұнайлы өңірде қазір шамамен 3000-ға жуық волонтер бар. Облыс орталығында оларға арналып фронт-офис те ашылған.   

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?