Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды
Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Алматы, NEGE. Өткен тәулік – 20 қазанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 469 адам салдырған.
«Атырау облысында биылғы 1 ақпан мен 21 қазан аралығындағы кезеңде 236 422 адам вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың II компонентін алған атыраулықтардың саны 208 135 адамды құрап отыр» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.