Атырау облысында өрт сөндірушілер 6 адамды құтқарды

2023 жылғы 16 шілде күні сағат 17:28-де Атырау қаласы, Вокзал ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.

Алматы, NEGE. Өрт кезінде баспалдақ арқылы 38 тұрғын өз күшімен эвакуацияланған. Өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 6 адамды құтқарды. 

Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері құтқарылған тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетті.