Атырау облысында мемлекеттік қызметкерлер табысын жасырмақ болған
Атырау облысында 556 мемлекеттік қызметкер табысын жасырмақ болды, деп жазды 'Хабар 24'
.
Алматы, NEGE. Жалпы декларацияның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеті маман әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы салық органдарына әртүрлі ведомстволардың 17,5 мың қызметкері есеп берді.
Еске салайық, жаңа жылдан бастап бюджеттік қызметкерлер де табыстары мен мүлкі туралы ақпаратты береді: мұғалімдер, дәрігерлер, спорт және мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ квазимемлекеттік және ұлттық компаниялардың қызметкерлері.
"Рәсімнің басты мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, көлеңкелі экономикамен күресу, сондай-ақ кірістердің жүйелілігін тексеру. Шетелдегі қаражат пен мүлікті анықтауға болады", - деді Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұрболат Сарманов.