Атырау облысында мас полицей жұмыстан босатылды
Атырау облысында видеоға түсіп қалған мас полицей жұмыстан босатылды, деп хабарлады «Ақ Жайық».
Алматы, NEGE.«Жаңа Қаратон ауылына қарасты учаскелік полиция инспекторы соғылған көліктің қасында мас күйінде әлеуметтік желіде тараған видеоға түсіп қалған. Облыстық полицейлердің мәліметінше, осы факті бойынша бұл қызметкер ішкі істер органдарынан келеңсіз себептермен жұмыстан босатылған», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Жылыой аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы да жұмыстан босатылды.