Атырау облысында көшедегі дәретханадан нәресте табылды

Атырау облысында көшедегі дәретханадан жаңа туған сәби табылды.

Алматы, NEGE. Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«3 қазан күні Индер ауданында баласын дәретханаға тастап кеткен күдікті анықталды. Бала дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы шақалақтың денсаулығына қатысты ақпарат беруге уәде етті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады