23 октября 2022 г. 9:38

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты

Фото:

22 қазанда Атырау облысы Қызылқоға ауданында жол апаты орын алып, салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау, NEGE.  22 қазанда сағат 15.00 шамасында Қызылқоға ауданында Сағыз - Миялы облыстық тас жолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты.

«Toyota Ipsum көлігінің 3 жолаушысы және Lada Granta автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді», - дейді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқаруда.

Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.

Тегтер: