Атырау облысында алғашқы сайлаушылар дауыс берді

Барлығы өңірде 265 сайлау учаскесі жұмыс істеуде, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE. Бүгін, 10 қаңтарда сағат 7.00-де сайлау учаскелерінде алғашқы сайлаушылар келді. Барлық сайлау бекеттері тиісті санитарлық талаптар мен ережелерді сақтай отырып жұмыстарын бастады. Сайлау учаскелерінің барлық аумағына белгілеу салынды. Санитайзерлер қойылған, кіреберісте дезинфекциялау кілемшелері бар.

Бетпердесіз келген сайлаушыларға жеке қорғаныс құралдары беріледі. Бақылаушылар қорғаныс әйнегімен қорғалған.

Еске сала кетейік, өңірде 265 сайлау учаскесі ұйымдастырылса, оның 117-сі Атырау қаласында, қалғаны аудандарда жұмыс істеп жатыр. Сайлауға 7 халықаралық бақылаушы қатысуда. Дауыс беру жергілікті уақыт сағат 20.00-де аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?