Атырау облысында 4 жасар егіз қыздар терезеден құлап кетті

Атырау облысында екі егіз қыз бала көпқабатты үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен.

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға 27 маусым күні Атырау облысындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Куәгердің сөзінше, 4 жастағы егіз қыздар терезеге шығып, үшінші қабаттан құлап кеткен. Куәгерлер бүлдіршіндердің облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін мәлім етті. Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, оқыс оқиға туралы ақпарат 27 маусым күні сағат кешкі 22.10-да келіп түскен. Мекеменің мәліметінше, бұл осы жылы Атырауда тіркелген екінші жағдай.

"2022 жылдың басынан бері терезеден құлау фактісі екінші рет тіркеліп отыр. 3 бала жарақат алды. Былтырғы жылы жоғарғы қабаттан 5 бала құлады. Оның үшеуі жарақат алып, екі бала көз жұмды. Оқыс жайттарға тап болып жатқандар 2-7 жас аралығындағы балалар", - дейді Атырау облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.