Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр

Өрттің жалпы аумағы 830 га,, қазіргі уақытта 2 га алаңда қамыс өсімдіктері бықсып жанып жатыр, деп хабарлады ТЖМ.

Алматы, NEGE. ТЖМ аваициасымен белсенді түрде су төгу жұмыстары жүргізілуде.

Өрт басталғалы бері барлығы 167 рет шамамен 501 тона су төгілді.

Өртті жер үсті жою бойынша жедел жұмыстарға ТЖД және «Ақжайық» МТР барлығы 85 адамы мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.