Атырау облысында 245 медицина қызметкері екпе салдырды
Елде вакциналау шарасы басталғалы Атырау облысында 245 медицина қызметкері ерікті түрде екпе салдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Қазір барлығының жағдайы қалыпты. Препараттың жанама әсері байқалмаған. «Медицина қызметкерлері тарапынан екпе салдыруға қарсылық жоқ», - дейді жауаптылар.
Аймақта вакциналау жұмыстары 24 медициналық ұйымда жүргізіліп жатыр. Оның 16-сы облыс орталығында, қалғаны аудандарда орналасқан.