Атырау облысында 137 дана заңсыз киік мүйізі тәркіленді
24 наурыз күні Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1990 ж.т. аудан тұрғынының мекен-жайын тексеру барысында жер астына көмілген 137 дана киік мүйізін және 1 дана қол арасын тәркілеген.
Алматы, NEGE. ҚР ҚК 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.