Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды облыстық басқарманың баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Байтолла Ғазизов Міндетті медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры болып істеген. Қазір өңірлік басқарма басшысы қызметінің міндетін атқару орынбасар Гүлнафис Танбаева жүктелді.