Атырау: Мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындармен кездесті
Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Әділбек Зайдуллин және Ринат Ғилажев пен Жеңіс Әбілқарас қала көшелерінің бойында атыраулықтармен кездесті.
Алматы, NEGE. «Есіктен есікке» акциясы сайлаушылармен тікелей кездесуге бағытталып «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі баяндауға арналған. Адамдар өз кезегінде сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізуде.
«Бүгін қала тұрғындарына партиямыз туралы, еліміздің азаматтарының тұрмысын көтеруге бағытталған негізгі міндеттері мен құндылықтары туралы ақпаратты жеткізе білгеніміз үшін ризамын», – деп жазды Жеңіс Әбілқарас.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Атырау қалалық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.