Атырау әкімі қызметінен кетті
Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы қызметтен кетті. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы, NEGE. «14 қаңтар күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиын барысында Атырау қаласы әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы әріпестеріне ризашылығын білдіріп өз еркімен қызметтік уәкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді», – делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетсек, Алимұхаммед Құттұмұратұлы Атырау қаласының әкімі лауызымына 2018 жылдың 28 маусымында тағайындалған.
Қала әкімі өз еркімен қызметін тоқтатуына байланысты Атырау қаласы әкімінің уақытша міндетін қала әкімінің орынбасары Бауыржанұлы Ринат Жанғылышов атқаратын болады.