Атырау әкімдігіне жаңа басшы келді

Ерболат Умаров Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Алматы, NEGE.  Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ерболат Болатжанұлының жасы – 39-да. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің түлегі.

Екі шет тілін меңгерген халықаралық құқық маманы.

Еңбек жолын 2001 жылы заңгер ретінде бастаған. 2005 жылдан бастап сот органдарында, мемлекеттік қызметте жұмыс істеген.

2009-2013 жылдары Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, 2013-2015 жылдары Мақат ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы болған.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды