Атырау: 73 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Атырау облысында 10 айда 73 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

Алматы, NEGE. «Атырау облысы республиканың шөл және шөлейтті, құнарлығы төмен аймағында орналасқан. Соған қарамастан мал басының барлық түрі өсіп келеді. Соңғы 5 жылда облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласында 19 млрд теңгеге 10 ірі жоба жүзеге асырылып, 689 жаңа жұмыс орны құрылды. 2020 жылға ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бюджеттен 3,2 млрд теңге қаржы бөлінді», – деді өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Махамбет Досмұхамбетовтің дерегінше, облыста 33 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар. Олардың төртеуі биыл құрылды.

«Биыл егіс 9 300 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға, одан алынған өнім 6 пайызға өсті. Тұтастай алғанда, облыстың ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 10 айда 73 млрд теңгені құрап отыр», – деді Атырау облысының әкімі.

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді