Атырау тұрғынынан киіктің 71 мүйізі тәркіленді

Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері киік мүйіздерінің ірі партиясын тәркіледі

Полиция

Алматы, NEGE. Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Браконьер – 2024» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде киік мүйіздерінің ірі партиясын тәркіледі.

Полицейлер қала аумағындағы ойын-сауық орталығының жанында күдік тудырған Toyota Highlander автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісін тоқтатты.

Тексеру барысында автокөлік салонынан пакетке салынған 71 дана киік мүйіздері анықталды. Аталған дерек негізінде, киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды