Атырау облысындағы пойыз апаты: үш адам ауыр халде жатыр

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланып отыр.

видеодан кадр

Алматы, NEGE. «Теңдік» теміржол өткелінде пойыз бен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан үш адам ауыр жарақат алды.

Бұған дейін оқиға салдарынан локомотив бригадасының мүшелері мен жүк көлігі жүргізушісі жарақат алды деп хабарланған еді. Алайда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жаңартылған ақпаратында жүргізушінің зардап шекпегені нақтыланды. Облыстық аурухананың травматология бөлімінің алғашқы мәліметінде оның ауыр жарақат алғанын айтқан болатын.

Оқиға орнында 12 құтқарушы мен 4 бірлік авариялық-құтқару техникасы жұмыс істеп жатыр. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр