Атырау облысында заңсыз бекіре балығын тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Атырау облысында заңсыз бекіре балығын тасымалдаған жүргізуші қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 11 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтөбе – Астрахань тас жолының 691 шақырымында күдік тудырған 44 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Уаз автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде, автокөліктің жүк салғышынан 4 қапқа салынған 89 келі бекіре тұқымдастары тәркіленді. Күдікті жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады