Атырау облысында мұнай компаниясына 1,4 млрд теңгеден астам айыппұл салынды
Атырау облысында «Потенциал Ойл» ЖШС-ға экологиялық тексеруден кейін 1,4 миллиард теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келді.
Астана, NEGE. Облыстық экология департаментінің мәліметінше, компанияны тексеру кезінде қоршаған ортаны қорғау саласында бірқатар бұзушылық анықталған.
Атап айтқанда, өндірістік экологиялық бақылау талаптары сақталмаған. Ағынды суларды бақылау бойынша да заң бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, міндетті экологиялық есептерді тапсырмау, кешіктіріп тапсыру немесе қате тапсыру жағдайлары тіркелген.
Сонымен қатар кейбір жұмыс түрлері тиісті экологиялық рұқсатсыз орындалған. Ластаушы заттардың белгіленген шығарындылар лимитінен асып кеткен жағдайлар анықталды. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқару талаптарының да бұзылғаны белгілі болды.