Атырау облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен 4 адам табылды

19 ақпанда Атырау облысы Мақат кентінің тұрғындары 4 адам, оның ішінде 1 бала мал іздеуге қыстауға қарай жеңіл автокөлікпен шығып, қайтып оралмады.

ТЖМ

Алматы, NEGE. ТЖД қызметкерлері, полиция, жоғалған адамдардың туыстары жаяу және автокөлікпен іздестірді. Іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы да тартылды.

ТЖД күшімен жоғалған адамдар елді мекеннен 80 км қашықтықта табылды. Жоғалған тұрғындардың көлігі батпақты жерлерде тұрып қалған.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті