Атырау облысында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Атырау облысы Доссор ауылында 63 жастағы ер адам отбасылық жанжалдан соң өзін-өзі өртеп жібермек болған. Полицияның мәліметінше, қазір 105-бап ('Өзін-өзі өлтіруге итермелеу') бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

видео скрині

Атырау, NEGE. Ер адам 13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында өзін өртеп жіберген.

Атырау облыстық полиция департаменті Мақат аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына Доссор ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылы туған аудан тұрғынының өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабарлама түскенін хабарлады.

"Осы хабарлама бойынша бұл азаматтың денесінің 70 пайызын күйік шалып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілгені анықталды", - делінген хабарламада.