Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

Атырау облысында елді мекендерден шалғай жерде ұшқышсыз ұшу аппаратына (дронға) ұқсайтын техниканың бөлшектері табылды.

azh.kz

Астана, NEGE. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, алдымен қатты дыбыс естілген. Артынша белгісіз нысан құлап, өртенген. Кейін оқиға орнынан күйіп кеткен бөлшектер табылған.

Қазір Атырау облыстық Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

«Барлық мән-жай анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін де еліміздің батыс өңірлерінде осындай жағдай тіркелген. Жақында Батыс Қазақстан облысында да дронға ұқсас бөлшектер табылған еді. Алайда ол оқиға бойынша нақты мәліметтер әлі жарияланған жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін