Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Атырау облысының Мақат ауданында бір топ жас жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Оқиға 3 сәуір күні кешкі сағат 22:20 шамасында болған.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 3 сәуір күні шамамен сағат 22:00-де тәртіп сақшылары қызметтік міндетін атқару кезінде құқыққа қайшы әрекетті тоқтатқан. Алайда жағдайды анықтау барысында бір топ азамат агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне күш қолданған.

Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері зардап шеккен.

Қазіргі уақытта жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталған. Оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылдануда.

Аталған факті бойынша «билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану» бабы негізінде қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы жасалған кез келген заңсыз әрекет заң алдында жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

«Тозаққа айналады»: Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді