Атырау облысында белгісіз дронға ұқсас бөлшектер табылды

Атырау облысының Құрманғазы ауданында тағы да ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі бөлшектер табылды. Фрагменттер шекараға жақын, далалық жерде табылған. 

Pixabay

Алматы, NEGE. Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, табылған зат бойынша тексеру жұмыстары басталған."Құзырлы органдармен бірлесе отырып, сыртқы келбеті дрон бөлшектеріне ұқсайтын объектіге қатысты тексеру шаралары жүргізілуде. Объект дала аймағынан табылды. Залал мен зардап шеккендер жоқ. Барлық деректер мен мән-жайлар анықталып жатыр", — делінген хабарламада.

Бұл өңірдегі бірінші рет болып отырған жағдай емес. 22 маусымда Қоныртерек ауылы маңында да ұшатын аппаратқа ұқсайтын белгісіз зат табылған болатын. Ол кезде облыстық әкімдік оқиға орнына арнайы комиссия жіберілгенін хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?