Атырау облысында әкімдік қызметкері өз-өзін атып өлтірді

Атырау облысының Құрманғазы ауданында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған Қуаныш Имашев қайтыс болды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ер адам отбасылық жанжалдан кейін аңшы мылтығымен өз-өзіне оқ атқан. Оқиға 30 қазаннан 31 қазанға қараған түні болған. 

Атырау облыстық полиция департаменті ақпартты растап, «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу« бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда әскери қызметші оқ жарақатынан қаза тапты

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді