Атырау облысында 6,4 миллион балық шабағы құтқарылды

Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда.

depositphotos.com

Алматы, NEGE. 17 қаңтардағы жедел мәліметтерге сәйкес, құтқарылған балық шабақтарының жалпы саны 6,4 миллион.

Құтқару жұмыстарына 45 адам және 8 техника жұмылдырылды.

Құтқарылған балық шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқарылған балық түрлері – орташа салмағы 5-6 грамм болатын сазан және тұқы.

Жағдай ерекше бақылауға алынған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты